Бір дəрігер сондай хикая қылады:
Кабинетіме тексерілу үшін шамамен алпыс жастағы жасы үлкен апа мен отыз жастағы жігіт кіріп келді. Жігіттің кемпірге болған өте жылы қарым-қатынасы менің назарымды тартты. Өйткені ол кемпірдің қолын ұстар жəне үстіндегі жамылғысын түзетіп қояр еді. Қолымен тамақ пен су берді. Кемпірдің жағдайын сұрап, қажетті қағаздарын алып келуді айтқанымнан соң, жігіттен кемпірдің сана-сезімі туралы сұрадым. Себебі кемпірдің əрекеттері, берген жауаптары біртүрлі еді. Еркек былай деп жауап берді:
- Ол туылғаннан бері осылай. Сана-сезімі жетілмей қалып қойған. Таңданып:
- Оны кім бағады?- деп сұрадым.
Жігіт:
- Мен,- деді.
- Солайма? Оның киімдері мен денесін кім таза ұстайды?- дедім.
- Оны моншаға мен алып кіріп, киімдерін іліп қоямын. Сосын шомылып болғанша күтіп тұрамын. Кір киімдерін жуып беремін жəне қалаған киімдерін сатып əперемін,- деп жауап берді жігіт.
- Неге оған қарайтын бір қызметші əйел алмайсыз?- дедім.
Ол:
- Өйткені байғұс анам балаларға ұқсап арыз қылуды білмейді. Сол үшін қызметшінің анама зəбір көрсетіп, көңілін ауыртуынан қорқамын!
- Сіз үйленгенсізбе?
- Ия əлхамдулиллаһ! Перзенттерім де бар.
- Олай болса анаңызға жұбайыңыз қарайды екен ғой?
- Ол да қолынан келгенінше қамқорлық танытады. Тамағын пісіріп, ішкізіп-жегізеді. Анама жəрдем беру үшін əйеліме қызметші əйел де жалдағанмын. Бірақ мен өзім анам мен тамақтануды жақсы көремін. Себебі оның қант диабеті бар.
Оның сөздерін есітер екенмін таң қалар жəне көзімнің жастарын əрең ұстап тұрар едім. Сол кезде кемпірдің қолындағы тырнақтарының алынғанын да байқап қалдым жəне:
- Оның тырнақтарын кім алады?- дедім.
- Дəрігер ханым, оның тырнақтарын өзім аламын. Өзі тырнақ алуды білмейді, - деп жауап берді ұлы.
Кемпір ұлына қарап:
- Маған қашан картоп сатып аласың?- деп қалды.
- Қазір, анашым! Өзіңізді дүкенге алып барамын!- деді ұлы.
Ана сол кезде балаша қуанып:
- Қазір барамыз! Қазір барамыз!- деп жіберді.
Ұлы маған қарап:
- Анамның мұндай қуанышын кенже ұлымның қуанышынан да абзал көремін!- деді сүйсініп.
Мен қатты əсерленгенімді сездірмеу үшін оның медициналық карточкасын парақтай бастадым. Сосын:
- Оның сізден басқа жақыны барма?- деп сұрадым.
- Мен оның жалғыз ұлымын. Өйткені əкем үйленгенінен соң бір ай өтіп анаммен ажырасқан екен,- деп жауап қылды.
- Олай болса сізді əкеңіз тəрбиелеген болар?
- Жоқ, маған жəне анама нағашы əжем қараған жəне мен 10 жасқа толғанымда ол кісі дүние салған. Алла оны рақымына алсын!
- Сіз ауырған кездеріңізде анаңыз қарағанба? Оның сізге бір рет болса да аналық мейірім беріп, қараған кезі болдыма?
Басқаша айтсақ: Қуанышыңыз бен қайғыңызға ортақ болдыма?
- Жоқ дəрігер ханым. Сол он жасымнан бері білетінім, анам осындай ақылы зайып, мүгедек. Сол кезден бастап мен оның қолы мен аяғы болдым. Басына бірер пəлекет келмесін деп қорқамын.
Мен ары қарай оларға дəрілер тізімін жазып, қалай қолданатындарын түсіндірдім. Ұлы анасының қолынан ұстады да:
- Міне енді дүкенге барамыз,- деді.
Кемпір: - Меккеге бармаймызба?- деді.
Таңдандым жəне:
- Оны Меккеге қалай алып барасыз?- дедім.
- Ұшақпен!- деді.
- Расымен алып барасызба?
- Əрине.
- Анаңыз умра жасамаса да болады ғой. Неге оны умраға алып барып, өзіңізді қинайсыз?
- Бəлкім умраға алып барсам анам сүйінер. Бұл мен үшін əлемдердің Раббысы болған Алланың құзырында жалғыз қылған умрамнан сауаптырақ болмақ!
Олар кабинетімнен шығып кетті. Есікті жаптым да медбикеге алдыма ешкімді кіргізбеуін ескерттім. Ішімнен келген көз жасын тия алмадым. Өзіме-өзім былай деп сыбырладым:
- Бұл кемпір ұлына жүкті болып, туғаннан басқа аналық қызметін де қылмапты. Не тəрбие бермеген, не түндері ұйқысыз бесік тербетпеген. Қайғы-мұңына да ортақ болмаған. Оның қамын ойлап, келешегі үшін баста ауыртпаған. Бірақ ұлдағы мейірім мен қамқорлықты қара! Кəне айтшы, ақыл-есі жайында болған аналарымызға мына жігіттің ақылы зайып анасына қылған мəмілесін қылудамызба?
Аллам!
Ата-анамызға қамқор болуымыз үшін бізге жəрдем бер.
Аллам!
Ата-анамыздың күнəларын мағфирет қыл жəне олар бізге сəби күнімізде қалай қамқор болған болса Сенде оларға қамқор бол! Әмин. Әмин. Әмин.
Ата-анаңыз бен бауырларыңызға жанашыр болыңыздар достар!